Мен зейнеткер ретінде еліміздегі достық пен келісімнің қадірін ерекше бағалаймын. Өмір бойы әртүрлі ұлт өкілдерімен қатар еңбек етіп, татулықтың арқасында талай жетістіктерге жеткенімізді көзіммен көрдім. Әріптестерімнің арасында қазақ та, орыс та, неміс те болды – бәріміз бір шаңырақ астында бауырдай өмір сүрдік. Сол ынтымақтың арқасында қиындықтарды бірге жеңдік. Қазір жас ұрпақтың да осы дәстүрді жалғастырып келе жатқанына қуаныштымын. Халықтар арасындағы достық – бейбітшіліктің тірегі. Ал келісім – елдің дамуына жол ашатын ең басты құндылық. Біз оны көздің қарашығындай сақтауымыз керек
Қ.Албаев- Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі