Достық пен келісім халықтарды біріктіретін алтын көпір болып табылады. Әртүрлі ұлт өкілдері өзара тату-тәтті өмір сүргенде ғана қоғамда шынайы бірлік орнайды. Достасқан халықтардың көңілі де кең, рухы да биік болады, өйткені бір-біріне қолдау көрсетіп, қиындықта жәрдемдеседі. Халықтар келісімсіз ешбір мемлекет тұрақты дами алмайды. Келісім – әр ұлттың бір-бірін түсініп, сыйлай білуінен басталады. Адамдар ғана емес, халықтар да бір-бірінің мәдениеті мен дәстүріне құрметпен қарағанда, ел ішінде татулық орнайды. Халықтар арасындағы достықта да сенім мен адалдық ерекше рөл атқарады. Бір-біріне сенетін ұлттар кез келген қиындықты бірлесе жеңе алады. Қоғамда татулық пен тұрақтылықтың сақталуы – халықтар арасындағы өзара құрметтің нәтижесі. Сондықтан халықтар достығы мен келісімін сақтау – әр азаматтың борышы әрі елдің дамуының басты кепілі.
Қуанышбек Албаев -Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі
