Достық пен келісім адамның өмірін сәнге бөлейтін ең үлкен байлықтардың бірі. Адам жалғыз жүре алмайды, оған әрдайым қолдау көрсететін жан қажет. Шынайы достық – жүректен шыққан сезім. Достар бір-біріне көмектесіп, өмірлік кеңес береді. Ал келісім адамдардың бір-бірін құрметтеп, түсіне алуынан басталады. Келісе білу үшін сабырлылық пен мәдениеттілік қажет. Жанжалдан гөрі ортақ шешім тапқан жақсы. Татулық – қоғамдағы тыныштықтың кепілі. Әртүрлі көзқарастар мен мінездер үйлесім тапқанда ғана мықты ұжым қалыптасады. Достық пен келісім арқылы адамдар өмірге сеніммен қарайды. Сол себепті осы құндылықтарды сақтап, дамыту – баршамыздың міндетіміз!
Гүлнар Ибраева -Зеренді ауданы аналар кеңесінің төрайымы
