Халықтар достығы – еліміздің ең қымбат құндылықтарының бірі. Түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүргенде ғана мемлекет мықты болады. Достық пен келісім әр адамның жүрегіндегі мейірімділіктен, құрметтен басталады. Егер біз бір-біріміздің салт-дәстүрімізді танып, сыйлай алсақ, қоғамда түсіністік артады. Халықтар арасындағы татулық елдің дамуына үлкен ықпал етеді. Көпұлтты Қазақстанда бейбіт өмір сүріп жатқанымыз – осы келісімнің жемісі. Әр ұлттың өзіндік ерекшелігі біздің мәдени байлығымызды көбейтеді. Татулық орнаған қоғамда адамдар қауіпсіз әрі еркін сезінеді. Халықтар арасындағы достық қиын сәттерде де бірлікті сақтауға көмектеседі. Сондықтан бұл құндылықты қорғау – баршамыздың міндетіміз. Достық пен келісім – болашаққа бастайтын жол.
С.Қалиева-Зеренді ауданы Жастар ресурстық орталығының маманы
