Менің жасым үлғайған сайын, адамдардың бір-біріне деген құрметі ең маңызды нәрсе екенін түсіндім. Бұрын бір бригадада түрлі ұлт өкілдерімен жұмыс істедік. Сол кезде ешкім кімдікі екенін бөлмейтін. Жұмысты бөлісіп, талай қиындықты бірге еңсердік. Кейде дастархан басында әркім өз еліндегі әдет-ғұрыптарды айтып беретін. Сол әңгімелер бір-бірімізді жақындата түсетін. Қазір заман өзгерді, бірақ адамгершілік өзгермеуі керек. Көршілермен араласқанда да осыны байқаймын. Бәріміздің дерті бір, қуанышымыз бір. Тек сабыр сақтап, бір-бірімізді тыңдай білсек, келісім өзі-ақ орнайды. Кейде жас буынға осыны түсіндіргім келеді.
Қуанышбек Албаев- Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі
