Көпұлтты қоғамда өмір сүру адамдарға кең ойлауды, басқаның көзқарасын қабылдауды үйретеді. Әртүрлі дәстүрлердің қатар өмір сүруі – мәдениеттердің байытылуының белгісі. Бір үйдің алдында қазақша әңгіме естілсе, келесі аулада басқа тілде сөйлесіп жатқан адамдарды көресің. Бұл көпқырлы өмірдің қалыпты бейнесі. Мұндай ортада адам төзімді болуды үйренеді. Кейде түсінбеушіліктер орын алуы мүмкін, бірақ оларды сабырмен шешуге болады. Дауласудан бұрын әңгімелесу маңыздырақ. Бірге жұмыс істеген, бірге қуанып, бірге еңсерген сәттер адамдарды жақындастырады. Осындай аралас өмір барысында адамдар арасында шынайы достық орнайды. Ұлттық шекаралар тұрмыста сезілмейді, өйткені бәрін ортақ мұқтаждықтар біріктіреді. Халықтар арасындағы татулық — біздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі.

Сандуғаш Калиева -волонтер