Халықтар келісімі – бір күнде пайда болатын құбылыс емес, ол жылдар бойы жиналған сенімге сүйенеді. Әр ұлттың салты мен өнері – қоғам үшін қазына. Сол қазынаны бөлісу адамдар арасындағы түсіністі арттырады. Балабақшадағы, мектептегі, университеттегі аралас орта жастарды ерте жастан толерантты етеді. Жас кезден қалыптасқан сыйластық кейін өмір бойғы ұстанымға айналады. Әртүрлі елден келген қонақтар біздің көпұлттылықты көріп, таңданысын жасыра алмайды. Бұл да – келісімнің жемісі. Адамдар тойда, жиында, жұмыста, тіпті көшеде бір-біріне қолдау көрсетіп отырады. Жақсылық жасаудың ұлты болмайды. Қоғамда әркім өз орнын тапса, дау азаяды. Бірлік бар жерде береке бар екенін өмір өзі дәлелдейді. Сондықтан достықты қорғау – әр адамның міндеті.

Асем Гизат-волонтер