Межэтникалық келісім – қоғамның тыныштығы мен тұрақтылығының басты кепілі. Әртүрлі ұлт өкілдері бір елде тату-тәтті өмір сүрсе, мемлекет те берік болады. Достық пен өзара құрмет адамдарды жақындастырады. Ұлтаралық татулық бар жерде бейбітшілік орнайды. Әр этнос өз мәдениеті мен дәстүрін сақтай отырып, басқалардың құндылығын да бағалауы тиіс. Бұл өзара сенімді күшейтеді. Сенімнің болуы қоғамдағы келеңсіздіктердің алдын алады. Жастарды толеранттылыққа тәрбиелеу – болашақ үшін маңызды. Өйткені ұлттар арасындағы татулық келешек ұрпаққа бейбіт өмір сыйлайды. Мәдени іс-шаралар мен диалог алаңдары халықтарды жақындатады. Олар бір-бірін тереңірек танып-білуге мүмкіндік береді. Қоғамдағы әр адамның жауапкершілігі де үлкен рөл атқарады. Әдептілік пен сабырлылық татулыққа жол ашады. Ұлтаралық келісім – ел дамуының маңызды шарты. Сондықтан оны сақтап, қалыптастыру – барлығымыздың ортақ міндетіміз.

Ж.Талдин-Зеренді ауданы Өркен ауылдық ЖОББМ директоры