Межэтникалық татулық қоғамдағы тұрақтылықтың негізгі тірегі. Әр ұлттың салт-дәстүрін құрметтеу – адамдар арасындағы сенімді нығайтады. Қазақстандағы көпұлттылық – тарихи құбылыс. Біз бәріміз бір елде өмір сүретіндіктен, ортақ мақсаттарымыз да бір. Халықтар арасындағы достық бейбіт өмірге жол ашады. Этностардың мәдени әртүрлілігі шығармашылық дамуға ықпал етеді. Мемлекет олардың дамуына барлық жағдай жасап отыр. Қоғамда толерантты сана қалыптасуы үшін тәрбиенің рөлі зор. Отбасында да балаларды сыйластыққа үйрету керек. Мерекелерде түрлі ұлт өкілдері бірге өнер көрсетеді. Бұл – халықтар арасындағы байланыстың белгісі. Тілдердің қатар дамуы да өзара құрметті арттырады. Бірлік бар жерде қоғам нығая түседі. Сондықтан этносаралық келісім әрдайым басты құндылық болуы тиіс.
Жанна Абдрахманова -волонтер
