Межэтникалық келісім – елдің тұрақтылығы мен дамуының басты кепілі. Әр ұлттың мәдениеті мен дәстүріне құрмет көрсету қоғамдағы сыйластықты күшейтеді. Қазақстанда жүзден астам этнос тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бұл бірліктің арқасында елде бейбітшілік сақталып отыр. Әр ұлт өз тілін, мәдени мұрасын дамытуға мүмкіндік алып отыр. Жастардың да бір-біріне құрметпен қарауы маңызды. Оқу орындарында толеранттыққа тәрбиелеу жұмыстары жүргізіледі. Этномәдени орталықтар халықтарды жақындастыруда үлкен рөл атқарады. Олар мерекелік іс-шаралар ұйымдастырып, ұлттық құндылықтарды насихаттайды. Достық пен татулық – қоғамның байлығы. Осындай келісімнің арқасында ел экономикасы да дамиды. Түрлі ұлт өкілдерінің тәжірибесі ортақ игілікке айналады. Бірлік бар жерде береке бар. Сондықтан достықты сақтау – әрқайсымыздың міндетіміз.
Г. Ескеева – Зеренді ауылының тұрғыны
