Қазіргі заманда бейбітшілік пен татулықтың бағасы өте жоғары. Әлемде түрлі жанжалдар болып жатқанда, біздің елдегі келісім ерекше сезіледі. Мен адамдардың бір-біріне деген құрметін күнделікті байқаймын. Кез келген ортада әр ұлттан адамдар кездеседі. Бірақ бәріміздің көзқарасымыз бір – бірлік. Бұл қоғамды нығайтады. Біз бір-біріміздің мәдениетімізді қызығушылықпен зерттейміз. Әртүрлі салт-дәстүрлерді көргенде, әлемнің қаншалықты бай екенін түсінесің. Кейде айырмашылықтар қызық тудырады, бірақ бұл да табиғи нәрсе. Ең бастысы – түсіністік. Егер адамдар бір-бірін тыңдай білсе, бәрі жақсы болады. Мен келісімнің ұзақ өмір сүруін қалаймын. Бұл – біздің ортақ міндетіміз.
Шолпан Нуртаева-Зеренді балық шаруашылығының маманы
