Мен үшін келісім – адамдар арасындағы шыдамдылық пен түсіністік. Әр халықтың өз мінезі, өз дәстүрі бар. Бірақ сол айырмашылықтар бізді алшақтатпай, қайта байытады. Университетте біз көпұлтты топта оқимыз. Сабақтан тыс уақытта әрқайсымыз өз мәдениетімізді бөлісеміз. Бұл керемет тәжірибе. Кейде басқа халықтың биін үйренеміз, кейде олардың тағамын жасап көреміз. Осындай іс-шаралар бізді жақындастырады. Адам басқа мәдениетті көргенде, оған құрметпен қарауды үйренеді. Мен достықтың күшіне сенемін. Егер әр адам татулықты бірінші орынға қойса, қоғамда ешқандай жанжал болмайды. Біз болашақты бірге құруымыз керек. Сол үшін бірлік қажет.
Серік Баймурзин -Зеренді ауданы билер алқасының бас биі
