Мен көпұлтты ауылда өстім, сондықтан достық деген сөздің мағынасын ерте түсіндім. Біздің көршілеріміздің бәрі әртүрлі ұлттан еді. Бірақ олар бізге ең жақын адамдар болды. Біз бір-біріміздің үйіне еркін кіретінбіз. Мерекелерде дастарханымыз ортақ болатын. Әр халықтың тағамы ерекше еді, біз бәрін көріп, үйрендік. Бұл бізді бір-бірімізге жақындатты. Ауылда ешкім ұлтқа қарап бөлмейтін. Біз үшін ең маңыздысы – адамдық қасиет. Осы тәжірибе менің өмірге деген көзқарасымды қалыптастырды. Мен қазір де түрлі адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға тырысамын. Себебі татулық – өмірдің сәні. Достық жүректе сақталуы тиіс құндылық.
Оралбек Бекішев -Зеренді ауданы ардагерлее кеңесінің төрағасы
