Университетте түрлі ұлттың студенттерімен бірге оқу өте қызық болды. Әрқайсының өз мәдениеті, өз әдеті бар. Бірақ бәріміз бір мақсатпен оқимыз. Бұл бізді жақындастырды. Жоба жасағанда да әркім өз идеяларын қосады. Сол кезде әртүрлі көзқарастар жақсы нәтижеге әкелетінін түсінесің. Халықтар достығы осындай ортада басталады. Түсіністік пен құрмет бірінші орында. Бір-біріне көмектесе білсең, бәрі оңай болады. Әртүрлілік – біздің артықшылығымыз. Ол бізге кең ойлауды үйретеді. Сондықтан татулық өте маңызды.

Аяулым Казбаева – волонтер