Адамдар бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болғанда, өмір әдемірек болады. Әр ұлттың өзіндік әдет-ғұрпы бар. Бірақ осы айырмашылық бізді бөліп емес, біріктіре алады. Достық адамдарды жақындатады. Бір-біріне көмектескенде, жүректер жылынады. Халықтар татулығы – үлкен күш. Тыныштықта ғана адам бақытты өмір сүре алады. Бірлік болса, ештеңеден қорықпайсың. Әр адам түсіністік танытса, қоғамда кикілжің болмайды. Балалар да сол ортада өседі, татулықты үйренеді. Осындай достық – нағыз қазына. Оны сақтаған дұрыс.

Гүлнар Ибраева – Зеренді ауданы аналар кеңесінің төрайымы