Қазақстан халқының достығы — елдің дамуына жол ашқан үлкен күш. Әр этнос өз салт-дәстүрін сақтай отырып, жалпы қоғамға үлес қосады. Бұл біздің елдің ерекшелігі. Ұлттық мәдениеттердің қатар дамуы елді көркейтеді. Әр мереке кезінде халықтар бір-бірінің өнерін тамашалайды. Бұл сыйластықты арттырады. Адамдар бір-бірінің болмысын құрметтеп үйренеді. Құрмет бар жерде татулық орнайды. Достық тек сөзбен емес, іспен көрсетілуі тиіс. Әр азамат қоғамдағы бейбіт өмір үшін жауапты. Жастар да осы құндылықтарды бойына сіңіріп өседі. Олар үшін көпұлтты орта – үлкен мектеп. Бірлікке ұмтылған ел ешқашан әлсіремейді. Сондықтан достықты сақтау баршамызға ортақ міндет.
Қуанышбек Албаев – Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі
