Достық – рухани байлықтың ең асылы. Халықтар арасындағы достық – елдің күш-қуатын көрсететін ерекше құндылық. Қазақстан әлемге бірлік пен татулықтың үлгісін көрсетіп келеді. Мұнда әр ұлт өзін еркін сезінеді. Себебі әрқайсысының тіліне, мәдениетіне құрмет бар. Бұл құрмет өзара сенім қалыптастырады. Сенім бар жерде келісім де бар. Адамдар бірге жұмыс істеп, бірге өмір сүреді. Олардың мақсаттары да ортақ – бейбіт елде бақытты өмір сүру. Көпұлтты ортада тәрбиеленген балалар төзімді келеді. Олар түрлі көзқарастарды қабылдай біледі. Бұл қоғамды жұмсартады. Сондықтан достық пен татулық – елдің болашағы үшін маңызды.
Данияр Жетпісов – Зеренді ауданы жастар ресурстық орталығының басшысы
