Достық пен келісім – тәуелсіз Қазақстанның басты артықшылығы. Біз көпұлтты ел болғанымызға қуанамыз. Себебі бұл бізге мәдени тұрғыдан артықшылық береді. Әр этнос өзінің дәстүрін сақтап, оны басқалармен бөлісе алады. Бұл халықтар арасындағы жылылықты арттырады. Тілдер мен мәдениеттердің қатар дамуы – бейбіт өмірдің белгісі. Мейірімділік пен түсіністік – достықтың негізі. Мұндай ортада дау-дамайға орын жоқ. Балалар да достық рухында тәрбиеленеді. Олар болашақта бірлікке үлес қосады. Ел ішіндегі татулық — мемлекеттің абыройын асырған құндылық. Сондықтан келісімді сақтау – маңызды міндет. Ол болашақ үшін қажет.
Асем Гизат- волонтер
