Көпұлтты қоғамда өмір сүрудің өзіндік артықшылықтары бар. Әр халықтың мәдениеті бізді байытады. Осы мәдени алуандық елдің рухани келбетін қалыптастырады. Халықтар арасындағы достық — елдің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Отбасылар мен мектептерде балаларды сыйластыққа тәрбиелеу маңызды. Олар ертең келісім мен бейбітшілікті сақтайтын азаматтар болады. Адамдардың бір-біріне деген мейірімі қоғамдағы қатынасты жұмсартады. Тілдер мен мәдениеттердің қатар өмір сүруі ерекше қуат береді. Қазақстандағы достық атмосферасы әлемге үлгі. Келісім бар жерде табыс та бар. Халықтар татулығы даму жолын айқындайды. Бұл құндылық өткеннен қалған мұра емес, бүгін де, ертең де маңызды. Сондықтан біз оны сақтап, нығайтуымыз керек.

Жанар Нуралина – көпбалалы ана