Достық – адамдарды біріктіретін құдіретті күш. Халықтар достығы одан да биік мәнге ие. Бір елде бірнеше этнос тату-тәтті өмір сүрсе, ол мемлекеттің дамуына оң әсер етеді. Қазақстанда әр ұлтқа тең мүмкіндік берілген. Бұл – татулықтың негізгі шарты. Әр этнос өзінің дәстүрін сақтайды, сонымен бірге басқалардың мәдениетін де құрметтейді. Мұндай ортада адамдар өздерін еркін сезінеді. Достық орнаған қоғамда бір-біріне қолдау көрсету дәстүрге айналады. Келісім арқылы өзара сенім күшейеді. Сенім болған жерде қоғамда тұрақтылық бар. Жастарды бейбітшілік рухында тәрбиелеу – өте маңызды. Халықтар арасындағы достық – ел болашағының іргетасы. Оны сақтау – ортақ міндет.

Серік Баймурзин- Зеренді ауданы билер алқасының бас биі