Татулықтың бастауы – сыйластық. Әр түрлі ұлт өкілдері бір-біріне құрметпен қараса, қоғамда бейбітшілік орнайды. Қазақстанда ондаған этнос тату өмір сүріп жатыр. Бұл – біздің басты байлығымыз. Халықтар достығының арқасында экономика, мәдениет, ғылым дамиды. Әр ұлт өзінің дәстүрін насихаттайды, бірақ өзгелердің де ерекшелігін құрметтейді. Достық қарым-қатынас арқылы адамдар бір-бірінен үйренеді. Мектептерде түрлі этностар балалары бірге білім алады. Бұл олардың жастайынан бірлікке бейімделуіне көмектеседі. Бейбіт өмірдің қадірін білу – әр азаматтың борышы. Келісім бар жерде қоғамда дау-жанжал азаяды. Сол арқылы елдің болашағы жарқын болады. Халықтар арасындағы достық – мызғымас құндылық.
Шолпан Нұртаева – Зеренді балық шаруашылығының маманы
