Достық пен келісім – қоғамды біріктіретін ең маңызды құндылықтардың бірі. Әр ұлт өз салт-дәстүрін сақтай отырып, бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүре алады. Қазақстанда түрлі этностардың бейбіт өмір сүруі – халқымыздың парасаттылығының көрінісі. Ұлтаралық сыйластық адамдарды бір-бірін құрметтеуге үйретеді. Достық орнаған жерде өзара түсіністік те дамиды. Көршілес ұлттар бір-бірімен мәдениет, өнер және білім салаларында байланыс жасайды. Бұл қоғамды байытады. Келісім бар жерде тұрақтылық та күшейеді. Адамдар өз болашағына сенімді болады. Ұлттар арасындағы сыйластық елдің дамуына серпін береді. Жастар осы құндылықтарды бойына сіңірсе, ертеңгі күніміз жарқын болмақ. Достық әр адамның жүрегінен басталады. Сондықтан татулықты бағалау – ортақ міндет. Достық пен келісім – мәңгілік құндылық.
Жандос Талдин- Өркен ауылыЖББОМ директоры
