Халықтар арасындағы достық – елдің тыныштығын қамтамасыз ететін негізгі құндылықтардың бірі. Әр ұлт өз дәстүрін құрметтей отырып, ортақ мүдде жолында біріге алады. Қазақстандағы көпұлтты қоғамның бірлігі – әлемге үлгі. Мұнда әр этнос үшін бірдей жағдай жасалған. Бұл өзара сенім мен түсіністікті арттырады. Татулық бар жерде даму да қарқынды жүреді. Қоғамдағы әр адам мәдени айырмашылықтарды байлық деп қабылдауы тиіс. Түрлі ұлт өкілдері бір-бірінің өнерін, тілін, салтын құрметтейді. Бұл халықтар жақындасуына ықпал етеді. Бірлікке негізделген қоғамда қайшылықтар аз болады. Әр азамат татулықты нығайтуға үлес қосуы қажет. Халықтар достығы – ұлттың рухани тірегі. Оны сақтау – бәріміздің ортақ парызымыз.
Л. Есмагулова – Бірлестік ЖББОМ директоры