Түрлі ұлт өкілдерінің тату өмір сүруі – елдің өркендеуіне жол ашатын маңызды фактор. Қазақстанда бұл қағида берік қалыптасқан. Әр халық өзінің мәдениетін дамытуға мүмкіндік алады. Сонымен бірге басқалардың да дәстүріне құрметпен қарайды. Бұл – халықтар арасындағы сенімнің белгісі. Қоғамда достық пен келісім орнаса, тыныштық сақталады. Өзара түсіністік кез келген қиындықты жеңуге көмектеседі. Халықтар достығын нығайту үшін түрлі мәдени бағдарламалар ұйымдастырылады. Олар этностардың бір-бірін жақын тануына септігін тигізеді. Бірлік бар жерде мемлекет те мықты болады. Жастар татулықты бағалай білсе, болашақта да бейбітшілік сақталады. Татулық — жалпыұлттық құндылық. Оны сақтау — баршамыздың борышымыз.
Жанна Түлкібаева – Зеренді ауданы аналар кеңесі төрайымының орынбасары
