Ұлттар достығы – адамзаттық құндылық. Әлемде көптеген мемлекеттер осы құндылықты сақтауға тырысады. Қазақстан – солардың бірі. Біздің елде ондаған этнос өкілі өмір сүреді. Бұл – байлық. Халықтар арасындағы ынтымақ арқылы мәдениет дамиды. Әр ұлт өзінің дәстүрін, өнерін сақтап, дамытуға мүмкіндік алады. Бұл қоғамды байытады. Татулықсыз ұлттық бірлік болмайды. Бірліксіз даму да болмайды. Әр адам өзінің сөздері мен әрекеттеріне жауапты болуы тиіс. Себебі татулық – тек саясаттың емес, мәдениеттің де жемісі. Құрмет, түсіністік, шыдамдылық – достықтың тіректері. Осы құндылықтарды сақтау – баршаның міндеті.
Серік Баймурзин-Зеренді ауданы билер алқасының бас биі
