Менің ойымша, халықтар арасындағы келісім адамгершіліктен басталады. Әр адам өзге ұлтты құрметтей білсе, қоғамда тыныштық болады. Мен әртүрлі мәдениетпен танысқанды жақсы көремін. Бұл менің дүниетанымымды кеңейтеді. Достық адамдарды тең етеді. Ұлтқа, тілге бөліну – қателік деп санаймын. Барлығымыздың мақсатымыз бір – жақсы өмір сүру. Татулық бар жерде даму болады. Мен достықты ең үлкен құндылықтардың бірі деп білемін. Адамдар бір-біріне көмектескенде ғана мықты қоғам қалыптасады. Келісім – сенімнің нәтижесі. Сенімсіз жерде болашақ жоқ. Сондықтан халықтар достығын сақтау – бәріміздің міндетіміз.
Сандуғаш Қалиева – волонтер
