Мен өмірдің талай кезеңін бастан өткерген адам ретінде бір нәрсені анық түсіндім: халықтар арасындағы татулық – ең үлкен байлық. Жастық шағымда түрлі ұлт өкілдерімен бірге еңбек еттім. Сол орта маған сабыр мен түсіністікті үйретті. Әр адамның тәрбиесі мен дүниетанымы әртүрлі болады. Бірақ сыйластық бәрін біріктіреді. Келіспеушілік кез келген жерде кездеседі. Оны күшпен емес, ақылмен шешу керек. Бірлік бар жерде тұрақтылық болады. Қоғамның дамуы адамдардың өзара қарым-қатынасына байланысты. Мен жастарға татулықты бағалауды үнемі айтып отырамын. Себебі бейбіт өмір оңайлықпен келген жоқ. Оны сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз

Серік Баймурзин -Зеренді ауданы билер алқасының бас биі