Біз жастарға үлгі болуымыз керек деп ойлаймын. Халықтар достығы сөзбен емес, іспен дәлелденеді. Күнделікті өмірде бір-бірімізге құрмет көрсету маңызды. Мен әрқашан адамдарды ұлтына қарап бағаламауға тырысамын. Адамгершілік бәрінен жоғары тұруы тиіс. Қоғамдағы тыныштық әр адамның мінез-құлқына байланысты. Егер біз сабырлы болсақ, келісім де болады. Мен татулықтың қаншалықты қиындықпен келгенін білемін. Сол себепті оны сақтау қажет. Бейбіт өмір – болашақ ұрпаққа қалдыратын ең үлкен мұрамыз.
Шолпан Нұртаева -Зеренді балық шаруашылығының маманы
