Көпұлтты қоғамда өмір сүру үлкен жауапкершілікті талап етеді. Әртүрлі халықтардың бейбіт өмір сүруі келісімге байланысты. Келісім адамдар арасындағы өзара сыйластықтан басталады. Сыйластық болған жерде дау-жанжал азаяды. Бұл қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Қазақстанда халықтар достығы мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі болып табылады. Елде барлық ұлт өкілдеріне тең мүмкіндік берілген. Мұндай әділдік адамдардың елге деген сенімін арттырады. Сенім артқан сайын бірлік те күшейеді. Бірлік елдің дамуына тікелей әсер етеді. Жастар осы құндылықтарды бойына сіңіруі тиіс. Өйткені болашақтағы келісім бүгінгі тәрбиеден басталады.

Оралбек Бекішев- Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы