Халықтар арасындағы достық – тек сөз емес, күнделікті іс-әрекет. Бір-бірімізді тыңдап, түсіне білу – келісімге бастар жол. Тілдердің әртүрлілігі әлемді бай әрі алуан қылады. Әр халықтың ертегісі, тағамы және тарихы бар, оларды бөлісу адамдарды жақындастырады. Достық болмаса, сенім де болмайды. Сенімсіз қоғамда дамуға да орын жоқ. Сондықтан әр адам өзінен бастауы керек. Көшеде, жұмыста, оқу орнында сыйластық көрсеткеніміз – бірлікке қосқан үлесіміз. Татулық – күш, алауыздық – әлсіздік. Біз араласқан сайын стереотиптер жоғалып, орнына құрмет келеді. Бейбітшілік пен келісім ұрпаққа қалатын мұра болуы тиіс. Достық көпірін салу – ең игі іс. Сол көпірлерді сақтап, нығайту бәріміздің қолымыздан келеді.

Ляззат Адилова -Зеренді аудандық ауруханасының лаборанты