Мен үшін халықтар достығы – ортақ аспан астындағы үлкен отбасы. Бұл отбасының әр мүшесі ерекше және қадірлі. Әртүрлілік бізді бөлмейді, керісінше, байытады. Басқа ұлттың тілін немесе дәстүрін үйрену арқылы біз оның жүрегіне жол табамыз. Достықта үстемдік те, менсінбеу де болмауы керек. Шынайы келісім өзара құрметке негізделеді. Мектептердегі көпұлтты сыныптар соның жарқын мысалы. Онда балалар бірге ойнап, бірге жетістікке жетеді. Олар ертең ересек болғанда да осы құндылықтарды сақтайды. Қоғамдағы татулық – соғыссыз өмірдің кепілі. Адамдар өзара түсініссе, кез келген қиындықты жеңе алады. Бірлік – биік мақсаттарға жетелейтін күш. Біз осы құндылықтарды жүрегімізде сақтасақ, болашағымыз жарқын болады.

Серік Баймурзин -Зеренді ауданы билер алқасының бас биі