Достық пен келісім туралы ойлағанда мен ең алдымен жауапкершілік туралы ойлаймын. Бұл тек мемлекетке емес, әр азаматқа да қатысты міндет. Әр ұлттың өкілі өзін тең сезінген кезде ғана шынайы татулық орнайды. Күнделікті өмірімізде кішігірім істермен де бірлікке үлес қоса аламыз. Жылы сөз, көмек қолын созу, әділдік – бәрі де достықты күшейтеді. Көпұлтты ортада өмір сүру бізді кең ойлауға үйретеді. Біз тек өзімізді ғана емес, өзгелерді де ескеруді үйренеміз. Мәдениет пен діннің әртүрлілігі сыйластықпен үндескенде үйлесім туады. Бұл үйлесім ел тұрақтылығының негізі. Халықтар арасындағы түсіністік жастардың санасында қалыптасуы керек. Жастар бейбіт өмірдің қорғаушысы болуға тиіс. Достықты сақтау – ерлікке пара-пар іс. Себебі ол бүкіл қоғамның тағдырына ықпал етеді.

Қуанышбек Албаев -Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі