Мен көпұлтты қоғамда өмір сүріп жатқаныма қуаныштымын. Қасымда түрлі тілде сөйлейтін, түрлі дәстүрді ұстанатын адамдар бар. Соның арқасында мен дүниені кеңірек көремін. Әр халықтың музыкасы мен биі ерекше әсер сыйлайды. Біз фестивальдерде бірге күліп, бірге қуанып, ортақ шаттыққа бөленеміз. Бұл – достықтың нақты көрінісі. Келісім – тек ресми құжаттардағы сөз емес, күнделікті қарым-қатынас. Адамдар бір-біріне құрметпен қарағанда ғана шынайы тыныштық орнайды. Ұсақ алауыздықты үлкейтпей, түсіністікпен қарау қажет. Үлкендер үлгі болып, балаларды татулыққа тәрбиелеуі маңызды. Осындай тәрбие алған ұрпақ ешкімді бөлмейді. Бұл – бейбітшіліктің сенімді кепілі. Халықтар достығы – біздің ортақ болашағымыздың нұрлы жолы.
Данияр Жетпісов – Зеренді ауданы жастар ресурстық орталығының басшысы
