Достық пен халықтар арасындағы келісім – адамзат өркениетінің ең биік құндылықтарының бірі. Әртүрлі тілде сөйлесек те, жүректеріміздің тілегі ортақ. Бір-бірімізді тыңдап, сыйлап үйренгенде ғана шынайы татулық орнайды. Қазақстанда ондаған ұлт пен ұлыс тату-тәтті өмір сүруі осының айғағы. Достық адамға қуат, қоғамға тұрақтылық береді. Бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың бірлігі – елдің болашағының кепілі. Біз өткеннің сабағын ұмытпай, болашаққа сеніммен қарауымыз керек. Достық тек сөзбен емес, іспен дәлелденеді. Қиын сәтте қолдау көрсету – нағыз адамгершілік. Көршіңнің мәдениетін құрметтеу – өзіңді құрметтеу. Халықтар арасындағы келісімсіз дамудың болуы мүмкін емес. Сондықтан татулықты сақтау – әрқайсымыздың борышымыз.
Серік Баймурзин -Зеренді ауданы билер алқасының бас биі
