Мен үшін халықтар достығы – бейбіт аспанмен тең. Аспан тұнық болса, адамдардың да көңілі жайлы болады. Достық пен келісім – соғыстың қара бұлтын тарататын күш. Әр ұлт өзінің мәдениетін сақтай отырып, бір елдің азаматтары ретінде біріге алады. Бұл үшін өзге адамды бөтен деп емес, бауыр деп қабылдау маңызды. Мектепте бірге оқыған түрлі ұлт өкілдері кейін елдің тірегіне айналады. Ортақ мақсат – өркендеу мен тыныштық. Достық арқылы сенім туады, сенім арқылы бірлік нығаяды. Әлемнің кез келген жерінде татулықтың үлгісі қажет. Қазақстандағы келісім моделі – ерекше байлық. Тарих бізге араздықтың қайғы әкелетінін талай рет көрсетті. Сондықтан татулықты сақтау – тек мемлекет емес, әр адамның ең басты міндеті.
Данияр Жетпісов -Зеренді ауданы жастар ресурстық орталығының басшысы
