Халықтар арасындағы келісім – ол тек саяси ұғым емес, ол жүректің ісі. Егер адамдар бір-бірін түсінуге тырысса, көп мәселе өзінен-өзі шешіледі. Келісім бар жерде қорқыныш азаяды. Біздің еліміз көпұлтты болғанымен, тағдырымыз ортақ. Бір дастарханда бас қосу – достықтың белгісі. Ұлттар арасындағы татулық ән мен күйде, ортақ мерекелерде, бірлескен еңбекте көрінеді. Әркім өз тамырын ұмытпай, басқаның тамырына құрметпен қараса – үйлесім орнайды. Достық – ұзақ еңбек пен шынайылықты талап ететін қазына. Оны бағалай білген адам ешқашан жалғыз қалмайды. Бала кезден татулыққа тәрбиеленген ұрпақ өскенде де соны жалғастырады. Бірлік – тек ұран емес, күнделікті өмірдегі әрекет. Сондықтан татулықты сақтау – мәңгілік міндет.
Сандуғаш Қалиева -волонтер
