Достық пен келісім – тек бүгінгі күнге емес, болашақ ұрпаққа да керек құндылық. Бала қандай құндылық көріп өссе, солай қалыптасады. Егер ол түрлі ұлттың баласымен қатар ойнап, бірге оқыса, ешқашан араздықты қабылдамайды. Біздің қоғамның күші – оның алуан түрлілігінде. Әр ұлттың тарихы мен мәдениеті – ортақ байлықтың бөлігі. Бірліктің қадірін тыныш күнде емес, қиындық келгенде түсінеміз. Сол үшін біз татулықты алдын ала сақтауымыз керек. Өзгенің көзқарасын құрметтеу – өз көзқарасыңды жоғалту емес. Керісінше, ол тұлғаны байытады. Достық – жүректегі жарықты көбейтеді. Ал жарық қай жерде көп болса, сол жерде үміт бар. Сондықтан халықтар достығы – мәңгілік құндылық.
Оралбек Бекішев- Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы
