Көпұлтты қоғамда өмір сүру бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Әрбір сөзіміз бен ісіміз халықтар арасындағы қатынасқа әсер етеді. Сол себепті келісім мәдениетін қалыптастыру аса маңызды. Достық – тек бірге мерекелеу емес, қиын сәтте қолдау көрсету. Бір-бірін тыңдай білетін адамдар ғана ортақ шешім табады. Түсінбеушілік туған жерде сабыр мен әңгіме жол ашады. Қарсылықтан гөрі өзара құрмет әлдеқайда күшті. Ұлттар арасындағы сенім білімнен де, еңбектен де басталады. Ортақ еңбек ортақ нәтижеге жеткізеді. Мектеп пен қоғамдағы түрлі жобалар адамдарды біріктіреді. Олар бір мақсатқа жұмылғанда, айырмашылық емес, ұқсастық көбірек байқалады. Міне, осы – шынайы келісім мен достықтың көрінісі.
Гүлнар Ибраева – Зеренді ауданы аналар кеңесінің төрайымы
