Қоғамдағы достық ахуал бізден басталады. Біз мектептерде, ауылдарда, қалаларда түрлі іс-шаралар өткіземіз. Онда әр ұлт балалары бірге ойнап, бірге еңбек етеді. Сол сәтте шекаралар жоғалады. Бірге күлу, бірге ой бөлісу – ең жақсы көпір. Келіспеген жағдайда да сөзбен түсінуге тырысамыз. Себебі келісім – күш. Жалған стереотиптер еңбектің алдында жеңіледі. Бізге ортақ мақсат – елге қызмет ету. Бұл мақсат баршамызды біріктіреді. Мен достықтың шынайы екенін күнделікті тәжірибеде көріп жүрмін.
Асем Гизат -волонтер
