Достық пен келісім жоқ жерде әділ шешім де қиын. Халықтар арасындағы татулық – мемлекет тұрақтылығының негізі. Әр дау-дамайды ақылмен шешу – біздің ата-бабамыздан қалған жол. Сөзге тоқтау мәдениеті – барша ұлтқа ортақ қазына. Біз бір-біріміздің ұлтына емес, адамдық болмысына қарауымыз керек. Теңдік пен құрмет қатар жүрген жерде ренішке орын жоқ. Көпұлтты ел болу – жауапкершілік. Ол жауапкершілік күнделікті қарым-қатынастан басталады. Тарих бізге бірлік арқылы ғана үлкен белестер бағынатынын көрсетті. Достық – ұзақ ғұмырдың кепілі. Келісім – соның мәңгілік тынысы.
Серік Баймурзин – Зеренді ауданы билер алқасының бас биі
