Халықтар достығы – сол тыныштықтың кепілі. Біз балаларды кішкентайынан сыйластыққа тәрбиелеуіміз керек. Өйткені татулық отбасыдан басталады. Түрлі ұлт балалары бір ойын алаңында ойнағанда, олардың жүрегінде реніш емес, қуаныш орнығады. Ана жүрегі ешқашан бөлмейді, тек біріктіреді. Біз үшін әрбір ұлттың баласы – ортақ Отанның перзенті. Келісім бар жерде сенім күшейеді. Сенім бар жерде болашақ нық болады. Қыздарымызды мейірімді, ұлдарымызды жауапты етіп өсіру – аналардың тілегі. Ұрпақтар арасында байланыс үзілмесе, бірлік те бекем болады. Халықтар достығы – аналардың батасымен бекиді.
Гүлнар Ибраева -Зеренді ауданы аналар кеңесінің төрайымы
