Мен волонтер ретінде түрлі адамдармен кездесемін. Қайырымдылық акциялары кезінде біз ұлтқа қарамай көмектесеміз. Себебі мұқтаждықтың ұлты болмайды. Сонда мен нағыз адами бірлікті көремін. Түрлі тілде сөйлесек те, жүрек тіліміз ортақ. Бірге жұмыс істегенде айырмашылық сезілмейді. Керісінше, әркім өз ерекшелігімен үлес қосады. Мен достықтың күшіне шын сенемін. Волонтерлік бізді бауыр етеді. Қоғамға пайда әкелу — бәрімізді біріктіретін мақсат. Егер әр адам кішкене жақсылық жасаса, үлкен өзгеріс басталады. Достық пен келісім — біздің ортақ жолымыз. Мен осы жолмен жүргеніме қуаныштымын.

Асем Гизат – волонтер