Мен зейнеткермін және өмір бойы әртүрлі ұлт өкілдерімен бірге жұмыс істедім. Сол кезде ешкім бірін ұлтына қарап бөлген жоқ. Бәріміз еңбегімізбен бағаландық. Сол жылдардан бері мен бір нәрсеге көзім жетті: адамды ұлт емес, жүрегі мен ісі танытады. Қазір немерелерім көпұлтты сыныпта оқиды, бұл мені қуантады. Олар кішкентайынан достық пен келісімді сезініп өседі. Бұл – ең дұрыс жол. Қоғамда түсінбеушілік емес, түсіністік басым болуы тиіс. Қарапайым амандасудың өзі адамдарды жақындастырады. Мен татулықты ең үлкен бақыт деп санаймын. Бірлік болса, ел әрқашан аман болады.
Қуанышбек Албаев – Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі
