Ана үшін барлық бала – ортақ, ұлтқа бөлінбейді. Ананың тілегі бір ғана нәрсе – бейбіт аспан мен татулық. Себебі ұрыс болса, ең алдымен бала жапа шегеді. Сол себепті біз балаларымызды кішкентайынан сыйластыққа тәрбиелеуіміз керек. Үйдегі жылы сөз – қоғамдағы келісімнің бастамасы. Әртүрлі ұлттың келіндері, қыздары, аналары бірге отырғанда, өзара түсіністік күшейеді. Достық дастархан басынан басталады. Ұлттық тағам, ән, дәстүр бөліскен сайын жүректер жақындай түседі. Халықтар арасындағы келісім – аналардың батасымен нығаяды. Біз аналар әрқашан бейбітшілік пен мейірімділікке шақырамыз. Себебі ананың жүрегі — бүкіл халықтың жүрегі.

Гүлнар Ибраева – Зеренді ауданы аналар кеңесінің төрайымы