Бейбітшілік пен келісім – ұрпаққа қалатын ең үлкен мұра. Ұлтаралық араздықтың қандай қасірет әкелетінін тарих көрсетті. Ал достық бар жерде жүрек тыныш, ел берік болады. Біз жастарға бірлік туралы жиі айтуымыз керек. Себебі болашақ – олардың қолында. Ұлттар арасындағы достық – мемлекеттің тірегі. Әр тіл мен дәстүрді құрметтеу – парыз. Бірлікті сақтау – бәріміздің қасиетті борышымыз.
Оралбек Бекішев – Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы
