Қазіргі қоғамда адамдардың бір-бірінен айырмашылығы көп. Біреу оны қауіп деп қабылдайды, ал мен оны мүмкіндік деп ойлаймын. Халықтар арасындағы келісім дәл осы айырмашылықты түсінуден басталады. Әр ұлттың өз тілі, діні, өмір салты бар, және бұл – қалыпты жағдай. Егер біз бәріміз бірдей болсақ, қоғам қызықсыз әрі әлсіз болар еді. Өзгеше ойлайтын адамды тыңдай білу – үлкен мәдениеттің белгісі. Келісім дегеніміз – бәрімен келісу емес, бір-бірін сыйлау. Диалогтан қашқан жерде түсіністік жоғалады. Ал түсіністік болмаса, достық та ұзаққа бармайды. Сондықтан келісім – дайын күйде берілетін нәрсе емес. Ол күн сайынғы қарым-қатынаста қалыптасады. Сабыр мен төзім бар жерде ғана татулық сақталады. Меніңше, айырмашылықтан қорықпай, оны қабылдай білген қоғам ғана алға жылжиды.
Ляззат Адилова- Зеренді аудандық ауруханасының лаборанты