Татулық – тыныш өмірдің шынайы негізі
Көп жағдайда біз бейбіт өмірді қалыпты нәрсе ретінде қабылдаймыз. Бірақ оның артында үлкен жауапкершілік пен өзара түсіністік жатқанын сезіну маңызды. Халықтар арасындағы татулық – көзге көрінбейтін, алайда қоғамды алға жетелейтін үлкен күш. Татулық бар жерде адамдар бір-біріне сенеді. Ал сенім қоғамға тұрақтылық пен тыныштық сыйлайды. Әртүрлі ұлт өкілдері ортақ мақсатқа біріге алса, елдің болашағы нық болады. Достық бәсекені дамуға айналдырады. Ол адамдарды жақсы жаққа ұмтылдырады. Татулық әлсіздік емес, ол парасаттың белгісі. Бұл – саналы түрде жасалатын таңдау. Әр адам осы таңдауға үлес қоса алады. Сондықтан татулықты сақтау – ортақ қуаныштың кепілі деп ойлаймын.
Зейнегүл Қазияқпарова – Зеренді ауданы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары