Біз бір елде өмір сүріп жатырмыз, сондықтан бір-бірімізді түсініп, қолдау – табиғи нәрсе. Шынайы татулық тек сөзбен емес, іс-әрекетпен көрінеді. Біріміз біреуге көмектескенде, біріміз жылы сөз айтқанда қоғам жылы әрі сенімді болады. Сенім бар жерде әркім өз мүмкіндігін толық пайдалана алады, ортақ мақсатқа жету оңайырақ болады. Достық әрқашан дамуға жол ашады, адамдарды біріктіреді. Ал бірлікті сезінген адам қиындықтарды жеңіл қабылдайды. Жастар бұл үлгіні көріп, бойына сіңірсе, қоғамда бейбітшілік пен татулық ұзаққа сақталады. Сондықтан мен үшін халықтар арасындағы келісім – болашаққа деген сенімділіктің негізі.

Берік Габдульманов – «Қазақтелеком» АҚ электромонтері