Ана ретінде мен ең алдымен ұрпақ тәрбиесіне жауаптымын. Баланың бойына қандай құндылық сіңсе, ертеңгі қоғам да сондай болады. Сондықтан халықтар арасындағы достық біз үшін жай ғана сөз емес, күнделікті өмірдің бір бөлігі. Бала көргенін қайталайды. Егер ол үйінде сыйластық пен түсіністікті көріп өссе, өзгеге де солай қарайды. Әртүрлі ұлт өкілдерімен тату қарым-қатынаста болу – үлкен тәрбиелік мәнге ие. Ананың бір ауыз жылы сөзі баланың жүрегіне жол табады. Ал сол жүректе мейірім болса, татулық та болады. Достық ұлтқа бөлінбейді. Ол адамгершілікке негізделеді. Аналар кеңесінің мүшелері ретінде біз осы құндылықты сақтауға күш саламыз. Бірлік пен келісім отбасынан басталатынына сенемін. Отбасы мықты болса, қоғам да берік болады.

Гүлнар Ибраева – Зеренді ауданы аналар кеңесінің төрайымы