Көршілік татулықтан басталады
Мен үшін халықтар арасындағы достық ең алдымен көршілік қарым-қатынастан көрінеді. Бір подъезде, бір көшеде тұратын әртүрлі ұлт өкілдері бір-біріне көмектесіп, амандық сұрасса – бұл нағыз келісімнің белгісі. Біз көршілеріміздің мерекелерін бірге атап өтеміз, қуанышын да, қиын сәтін де бөлісеміз. Ұлтқа бөлінбей, адам ретінде сыйласу бізге қалыпты жағдайға айналған. Осындай қарапайым күнделікті қарым-қатынас үлкен татулықтың негізін қалайды. Қазақстанда көршілік мәдениетінің жоғары болуы – ел бірлігінің айғағы деп ойлаймын.
Серік Баймурзин – Зеренді ауданы билер алқасының бас биі